Если Вы являетесь автором каких-либо рефератов, курсовых, дипломных работ и т.д. Если у Вас есть опыт, или есть - стремление и желание опубликовать свои работы у нас, то Вам необходимо зарегистрироваться на сайте и отправить сообщение на страницу формы связи с нашим редактором. Мы ответим на Ваше письмо (кроме выходных) в течении 24 часов!
Контент сайта
Весь контент сайта предоставлен исключительно для ознакомительных целей проекта Superreferat Информация публикуемая на сайте регулируется администрацией, которая руководствуется нормами Закона об Авторском Праве. Все файлы проходят тщательную проверку на вирусы, с помощью антивируса Dr.Web! Все опубликованные на сайте материалы, обязательно должны быть одобрены их авторами! В противном случае - материалы удаляются.
Теміртаудағы орыс мектебінің жабылуына қатысты дау тынышталар емес
Теміртау қаласындағы 31 орта мектептің тек үшеуі ғана - қазақ мектебі.
Олардың санын арттырғысы келген қалалық білім басқармасы шешіміне наразы №9 орыс мектеп-лицейі оқушыларының ата-аналары мен ұстаздар сотқа шағымданып, даулы іс жалғасуда.
"Айқын" газеті мәселенің мән-жайын анықтау үшін Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Юрий Жулинге хабарласқан еді.
- Мемлекеттік тілде білім беретін жаңа мектептің ашылуын қолдайтындар көп пе, қарсылардың қатары артық па?
- Бізде толықтай мемлекеттік тілде оқытатын бар-жоғы 3 мектеп қана болса, онда оқығысы келетіндер саны үнемі көбею үстінде. Мәселен, соңғы бес жылда олардың саны шамамен мыңға артты. Ал қазақ мектептері қаланың шалғай, сырт аудандарында орналасқан.
Оларға балаларын апарып, әкелу де ата-аналарға оңай соқпайды. Оған қоса, қазақ мектептерінің барлығы артығымен толып кеткен. Тіпті сабақ оқитын бөлмелер жетіспеген кезде, оқушыларды мектептің дәлізінде оқытуға тура келген. Осыған орай ата-аналардың бірнеше жыл бойғы арыз-шағымдарын ескеріп, қала әкімі былтыр осы мәселені шешуді тапсырған.
Содан кейін жан-жақты талдау жүргіздік. Сонда қазақ мектептері мен бірнеше орыс мектебінің ғана толықтай, ал қалған мектептердің оқушылармен 50-80 пайызға ғана қамтылатынын анықтадық. Оған қоса, қазақ мектептері 400-800 орындық болса, орыс мектептері 1200 орыннан келеді. Қазақ сыныптары 30-35 баладан тұрса, орыс сыныбында 25 оқушы ғана отырады.
Сондықтан мәселені жан-жақты сараптай келе, екі мектепті қайта ұйымдастырып, құру жөнінде шешім қабылдадық. Сол арқылы бір топтағы ғана емес, қаладағы барлық балаларға бірдей қолайлы жағдай жасауды діттедік.
- Бірақ бұл шешімнің қоғамда үлкен дау тудырып, көпшіліктің дүрлігуіне не себеп?
- Әрине, біз наразылық шығатынын болжадық. Сондықтан қазақ мектептеріне айналатын орыс мектептеріндегі мұғалімдерді жұмыспен қамтуға кепілдік беріп, ұстаздардың көрші орыс мектебіне ауысу жағын алдын ала ойластырдық.
№16 мектеп шешімімізді қабылдаса, №9 мектеп оқушыларының ата-аналары мен педагогтардың бір бөлігі келіспей отыр. Шыны керек, олардың қарсылық танытуының себебін түсінбедік. Біздің уәждерімізді тыңдағылары да келмейді. Қазір сот ісі жалғасуда.
- Сотқа шағымданушылардың қорғаушысы балалардың тілдік ерекшеліктеріне қарай құқықтары бұзылды деп отыр ғой?
- Шындығында өз ана тілінде білім алғысы келетін балалардың құқығы бұзылған жоқ па?! Себебі мемлекеттік тілде білім алғысы келетін балалардың ата-аналары 1 қыркүйекте қазақ мектептеріне құжаттарын бергісі келсе, оларға орын жоқ екенін айтып, аралас мектептерге қарай сілтейді.
Ал ата-аналар бізге келген кезде, балаларын аралас мектепте емес, сабақта да, үзілісте де өз ана тілінде сөйлейтін қазақ мектебінде оқытқысы келетіндерін жеткізген. Сол кезде олардың ана тілінде білім алғысы келетін балаларының құқығы бұзылғанын алға тартып, билікке сын айтқаны әділетті еді. Осыны неге №9 мектептің ата-аналары мен ұстаздары назарға алмайды?
Қазіргі қаладағы аралас 12 мектептің жартысына жуығы 80-90 пайыз орыс сыныптарынан құралады. Яғни іс жүзінде олар - орыс мектептері. Сондықтан келешекте осындай 4-5 мектеп таза орыс тіліндегі мектепке айналып, ондағы қазақ сыныптарында оқитын оқушыларды қазақ мектептеріне ауыстыру жоспарлануда. Яғни біз ешкімнің де ұлтына, тіліне қарап алалмаймыз. Бірақ бұл жағын да наразы топ ескергісі келмейді.
- Сіз қазақ тілінде білім алғысы келетіндер саны арта түскенін айттыңыз. Алда тағы қазақ мектептері ашылуы мүмкін бе?
- Әзірге алдағы бес жылда қалада бес қазақ мектебі жұмыс істейді деп ойлаймыз. Егер тағы қажеттілік туындап жатса, әрине, бұл мәселені қарастырып, шешетін боламыз.
Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
- Соңғы 20 жылда қазақтар саны өскені де, Теміртау сияқты қалада 16 таза орыс мектебі болса, тек 3 қана қазақ мектебінің жұмыс істеп, онда балалардың 2-3 кезекпен оқитыны да анық. Сондықтан жергілікті биліктің қазіргі шешімі құптарлық.
Бірақ мені бір қынжылтқаны: осындай жағдайда қазақ қоғамының ауызбіршілік танытпай, үнсіз қалуы. Тіпті орыс мектебінің жабылып, оның орнына қазақ мектебінің ашылуына қуанудың орнына наразылық білдіріп, сотқа шағымданған 200 адамның 80-ге жуығы өз қандастарымыз екен.
Бұл - ұят нәрсе. Ал орыс мектебіне баратын балалардың құқығы бұзылды дегеннің бәрі - бос сөз. Өйткені сол жаққа жақында барып келген азаматтар орыс мектебінің оқушыларына сол мектептің дәл қасынан басқа мектептің ұсынылғанын көріпті.
Жалпы, солтүстік аймақтарда қазақ мектептерінің мәселесі әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып отыр. 70-80 пайыз қазақтар тұрса да, қазақтілді мектептер мен балабақшаларға зәру аудандар бар. Осы бағытта қазақ ұйымдары зерттеулер жүргізіп, мәселен, білім беру, құрылыс салу бағдарламаларын қолға алған жөн.